НХЛ тәжірибесі бар ойыншы «Барыс» сапын толықтыруы ықтимал

НХЛ тәжірибесі бар ойыншы «Барыс» сапын толықтыруы ықтимал

Астаналық «Барыс» клубы КХЛ құрамын күшейтпек. Командаға НХЛ тәжірибесі бар қорғаушы Кэйл Клэг қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, хоккейші КХЛ клубымен келісімшартқа отыру нұсқасын қарастырып жатыр. Қазіргі таңда ол нақты шешім қабылдамағанымен, келіссөздер жүріп жатқаны мәлім.

Айта кетелік, өткен маусымда АХЛ-де Клэг плей-оффты қоса есептегенде 70 матч өткізіп, 28 (9+19) ұпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или