Быков «Динамоға» жаңа бапкер жайлы пікір айтты

Быков «Динамоға» жаңа бапкер жайлы пікір айтты

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Вячеслав Быков Леонид Тамбиевтің Мәскеудің «Динамо» клубына бас бапкер болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, бұл қызметке Роман Ротенберг те лайық үміткер бола алар еді. Быков Ротенбергтің клубта бірнеше айдан бері жұмыс істеп жатқанын және КХЛ-де жеткілікті тәжірибе жинағанын атап өтті.

Еске салайық, 2025/2026 жылғы маусымды «Динамо» Алексей Кудашовтың жетекшілігімен бастаған. Кейін ол қызметінен кетіп, орнына Вячеслав Козлов келген. Алайда команда Гагарин кубогының алғашқы кезеңінде Минскінің «Динамосына» есе жіберіп, бапкер қызметінен босатылған еді.

Леонид Тамбиев бұған дейін қарағандылық «Сарыарқаны» және Қазақстан құрамасын жаттықтырған. Вячеслав Быков ойыншы кезінде «Трактор», ЦСКА, «Фрибур-Готтерон», «Лозанна» клубтарында өнер көрсеткен, ал бапкер ретінде ЦСКА, «Салават Юлаев» және СКА командаларын жаттықтырып, екі рет Гагарин кубогын жеңіп алған.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или