Брукс Лайк: «Ови келіп, лигада үлкен дүрбелең тудырды»
«Вашингтонның» бұрынғы шабуылшысы Брукс Лайк ресейлік жұлдыз Александр Овечкиннің НХЛ дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Лайктың айтуынша, Овечкин лигаға келген кезде хоккей ауыр кезеңді бастан өткеріп жатқан. Локауттан кейін ойын көбіне аувр күшке негізделіп, көрермен үшін тартымдылығы төмендей бастаған.
«Ови келіп, лигада үлкен дүрбелең тудырды… Керемет ойыншы. Сол кезде хоккейге дәл осындай өзгеріс қажет еді. Сол сәтте ойынды өзгерте алатын, әдемі әрі әсерлі ойнайтын және назар ортасында болудан қорықпайтын ойыншы пайда болды. Бұл хоккейдің дамуы үшін орын алған бетбұрыс кезең болды» деді ол.
Айта кетелік, осындай сәтте ресейліктің жарқын әрі нәтижелі ойыны жанкүйерлердің қызығушылығын қайта оятты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или