Корешков КХЛ клубының бапкерлер штабына қосылуы мүмкін
Қазақстан хоккейінің аңызы Евгений Корешков жақын арада КХЛ клубының бапкерлер құрамына ауысуы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.
Деректерге сәйкес, қазіргі таңда Челябинскінің Трактор клубын жаттықтырып жүрген маманға Мәскеудің «Спартагы» қызығушылық танытып отыр. Бұл ақпаратты хоккей трансферлеріне қатысты телеграм-арна хабарлады.
Корешков Қазақстан құрамасында ұзақ жылдар бойы ойнап, екі Олимпиада мен бірнеше әлем чемпионатына қатысқан.
Айта кетелік, оның «Трактормен» келісімшарты 2026 жылдың мамырына дейін күшінде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или