Альварестің медициналық тексеруі: спортшының ағзасы жас жігіт деңгейінде бағаланды

Альварестің медициналық тексеруі: спортшының ағзасы жас жігіт деңгейінде бағаланды

Мексикалық әйгілі боксшы Сауль «Канело» Альварес Швейцарияда медициналық тексеруден өтіп, ағзасының тазалағымен қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Зерттеу нәтижелері спортшының денсаулығы күтілгеннен әлдеқайда жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, 35 жастағы Альварестің биологиялық жасы шамамен 26 жасты құрайды. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы кәсіпқой рингте өнер көрсетсе де, оның миында ешқандай зақым немесе қабыну белгілері анықталмаған.

Мамандар боксшының физикалық және нейрологиялық жағдайын ерекше деп бағалап, оны заманауи биохакинг саласындағы ең жоғары көрсеткіштермен салыстырған. 

Айта кетелік, енді Альварес қыркүйек айында қайта рингке оралып, Кристиан Мбилимен жекпе-жек өткізбек. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или