Муай-тай: Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетті

Муай-тай: Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетті

Астана қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында муай-тайдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Төрт күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте көш бастағандар:

1-орын - Алматы облысы

2-орын - Алматы қаласы

3-орын - Солтүстік Қазақстан облысы

Додаға еліміздің 16 өңірінен 425 спортшы қатысты.

Айта кетейік, байрақты бәсекенің жеңімпаздары маусым айында Куала-Лумпурда өтетін мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында, сондай-ақ қыркүйекте Приштинада (Косово) өтетін жастар арасындағы әлем біріншілігінде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или