Андреева WTA-1000 сериясы тарихында үш финалға шыққан алғашқы жасөспірім теннисші атанды
Әлемдік рейтингте 8-орында тұрған Мирра Андреева Мадридтегі WTA-1000 турнирінде тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мадридтегі жарыста ол жартылай финалда америкалық Хейли Баптистті 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Осылайша, Андреева WTA-1000 сериясы тарихында үш финалға шыққан алғашқы жасөспірім теннисші атанды.
Сонымен қатар, ол Мадрид турнирінің финалына шыққан екінші жасөспірім спортшы ретінде тіркелді. Бұған дейін мұндай нәтижеге тек 2009 жылы Каролин Возняцки жеткен болатын.
Айта кетелік, Madrid Open жүлде қоры 8,2 млн еуродан асады. Чемпионға 1 миллион еуродан астам сыйақы және 1000 рейтингтік ұпай беріледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или