Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы: «Рыбакина биыл тамаша ойын көрсетіп жүр»
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Ана Иванович қазақстандық чемпион Елена Рыбакина туралы жоғары бағасын беріп, қазіргі әйелдер теннисіндегі бәсекенің артқанын атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
2008 жылғы Ролан Гаррос чемпионының айтуынша, бүгінде әйелдер теннисінің деңгейі айтарлықтай өсіп кеткен.
Ол көптеген ойыншылардың «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске таласа алатынын айтып, жаңа буын өкілдерінің мүмкіндіктеріне ерекше тоқталды.
Иванович қазақстандық Елена Рыбакина биыл да жоғары деңгейде өнер көрсетіп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, Арина Соболенко мен Рыбакина арасындағы бәсекелестік жанкүйерлер үшін аса қызықты.
«Қазір деңгей жоғары, мүлдем басқа. Көп мықты теннисші бар, ал олардың ішінде Рыбакина биыл да тамаша ойын көрсетіп жүр. Олардың текетірестері тым қызық» деді Иванович.
Айта кетелік, Елена Рыбакина әлемдік рейтингтің үздік ойыншыларының бірі саналады.
Ана Иванович Рыбакина жайлы жылы пікір білдірді
Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті
Қазақстандық теннисшілер Мадридтегі жарыстың 1/4 финалына шықты
Журналист: Рыбакина демалыссыз жарысқа шыққаннан жеңілді
«Қан ақты, саусақтарым ауырып қалды» – Потапова Рыбакинамен өткен матч туралы