Михаил Кукушкин Қытайдағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті

Михаил Кукушкин Қытайдағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Қытайдың Цзюцзян қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы Гонконгтық Чак Лам Колман Вонг болды. 

Кездесу 1 сағат 11 минутқа созылып, Вонг қатарынан 6-3, 6-3 есебімен жеңіске жетті.

Турнирдің жүлде қоры 107 000 АҚШ доллар, ал жеңімпаз 75 рейтингтік ұпай алады.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или