Қазақстан ескекшілері Азия чемпионатындағы медальдар тізімінде үздік үштікке енді
Қытайдың Хэфэй қаласында Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, шешуші жарыс күні Қазақстан қоржынына тағы 3 күміс, 4 қола медаль түсті.
Күміс:
Байдаркада 500 метрге жарыс - Бекарыс Раматулла
Байдаркада 5000 метрге жарыс - Кирилл Тубаев
Байдаркада 5000 метрге жарыс - Стелла Суханова
Қола:
Каноэде 500 метрге жарыс, микст - Қазақстан командасы (Сергей Емельянов пен Руфина Искакова)
Байдаркада 500 метрге жарыс - Стелла Суханова
Каноэде 5000 метрге жарыс - Мария Бровкова
Байдарка 500 метрге жарыс - Қазақстан әйелдер құрамасы (Эвелина Костенко, Ольга Шмелёва, Татьяна Токарницкая, Стелла Суханова)
Соңғы жарыс күні біздің спортшылар үшін мынадай деректермен есте қалды:
- Эвелина Костенко 16 жасында, Владислав Руденко 19 жасында ересектер арасындағы Азия чемпионатында дебют жасады.
- Ольга Шмелёва мен Стелла Суханова чемпионаттағы ең көп жүлде алған ескек есушілердің қатарында. Ольганың еншісінде 1 алтын, 2 күміс, 1 қола болса, Стеллада 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.
Қазақстан командасы Хэфэйдегі рейтингік жарысты 2 алтын, 5 күміс және 9 қола медальмен аяқтады. Жалпы есеп төмендегідей:
1. Қытай құрамасы
2. Өзбекстан құрамасы
3. Қазақстан
4. Вьетнам құрамасы
Байдарка мен каноэде ескек есуден АЧ: Қазақстандық спортшылар тағы бес медаль еншіледі
Жағажай Азиадасындағы жүзу: Қазақстан эстафетада жүлдеге бір қадам жетпей қалды