Жағажай Азиадасындағы жүзу: Қазақстан эстафетада жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Жағажай Азиадасындағы жүзу: Қазақстан эстафетада жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Қазақстан құрамасы ашық суда жүзуден Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында аралас эстафетаға (4×1,5 шақырым) қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

Бұл сайыс аталған спорт бағдарламасының соңғы бәсекесі болды.

Эстафетаның алғашқы кезеңінде Ғалымжан Балабек өнер көрсетті. Ол 15:36.6 уақыт нәтижесімен екінші болып мәреге жетті.

Екінші кезеңде Мария Федотова команданы көшбасшылар қатарында ұстап тұрды. Ол өз қашықтығын 17:36.3 уақытта жүзіп өтіп, аралықта үшінші орынға жайғасты.

Үшінші кезеңде Дарья Пушко сынға түсті. Оның көрсеткіші – 18:33.5. Осы кезең қорытындысы бойынша команда үшінші орында болды.

Эстафетаны Лев Черепанов түйіндеді. Ол соңғы кезеңді 16:36.5 уақытта еңсерді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 1:08:22.9 жалпы уақыт көрсеткішімен төртінші орын алды.

Алтын медальді Қытай құрамасы жеңіп алды - 1:05:26.8. Вьетнам құрамасы екінші орынға ие болды - 1:06:32.4. Оңтүстік Корея құрамасы үздік үштікті түйіндеді - 1:08:15.0.

Сурет: Никита Басов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі


Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Қазақстан әйелдер командасы күміс жүлдегер атанды

Қазақстан құрамасы аралас эстафетада төртінші орын алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или