Азия ойындары: Қазақстан құрамасы аралас эстафетада төртінші орын алды

Азия ойындары: Қазақстан құрамасы аралас эстафетада төртінші орын алды

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында акватлоннан Қазақстан құрамасы аралас эстафетада төртінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Бұл жарыс қазақстандықтар үшін бағдарламадағы соңғы сын болды. Ел намысын Диана Ержанова, Рамазан Әйнегов, Алуа Нұрмұхамет және Дарын Қонысбаев қорғады.

Бірінші кезеңде Диана Ержанова 16 минут 44 секунд нәтиже көрсетіп, эстафетаны төртінші орында тапсырды.

Екінші кезеңде Рамазан Әйнегов осы орынды сақтап қалды. Оның көрсеткен уақыты - 15:05.

Үшінші болып жарыс жолына шыққан Алуа Нұрмұхамет өз кезеңін 17:31 уақытта аяқтады. Осыдан кейін Қазақстан құрамасы шешуші кезеңді бесінші орында бастады.

Қорытынды кезеңде Дарын Қонысбаев өнер көрсетіп, 14:51 уақыт нәтижесін тіркеді. Ол команданы қайтадан төртінші орынға көтерді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жарысты 1:05:16 уақыт көрсеткішімен төртінші орында аяқтады.

Алтын медальді Қытай құрамасы жеңіп алды - 1:01:44. Күміс жүлде Гонконг еншісінде - 1:02:35. Үздік үштікті Жапония түйіндеді - 1:03:54.

Қазақстан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын бастады

Жағажайдағы Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасының тізімі

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или