Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарында алтын жеңіп алды
Қазақстандықтар Владислав Яковлев пен Иван Чернухин 2026 жылғы Азия ойындарында ескек есуден рулі жоқ жұптық жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда қазақстандық экипаж қашықтықты 6 минут 25,13 секундта бағындырып, үздік нәтиже көрсетті және алтын медаль жеңіп алды.
Күміс жүлде Қытай өкілдері Чуань Цао мен Мэншуай Яньға бұйырды. Олар қазақстандық жұптан 2,09 секундқа қалып қойды. Ал өзбекстандық Максим Голубев пен Алишер Турдиев 6:32,34 нәтижесімен қола жүлдегер атанды.
Осылайша, Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының кезекті алтын медалін салды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или