Қазақстан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын бастады

Қазақстан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын бастады

22 сәуірде Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады.

Жағажай Азиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы су добынан жарыс жолына шықты.

Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан алғашқы кездесуін Таиландқа қарсы өткізді. Ойын нәтижесінде қазақстандық спортшылар жеңіске жетті. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша есеп 2:2 болып тең аяқталды. Матч тағдыры пенальти сериясында шешіліп, онда отандастарымыз басым түсті. Нәтижесінде Қазақстан 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Келесі матчын қазақстандықтар 23 сәуір күні Гонконг құрамасына қарсы өткізеді.

Саньядағы жарыста ел намысын Ариадна Затыльникова, Камила Наурызбаева, Таира Мухаева, Яна Смолина, Василиса Антропова, Фатима Маткаримова және Аида Алпысбай қорғауда.

Айта кетейік, бүгін жағажайдағы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. Шара Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или