Жағажайдағы АО-2026: Қазақстан баскетболдан Үндістан мен Катарға жол берді

Жағажайдағы АО-2026: Қазақстан баскетболдан Үндістан мен Катарға жол берді

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында 3×3 баскетболдан жарыстар басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы ойынында Үндістанмен кездесті. Матч 19:10 есебімен үндістандықтардың пайдасына аяқталды.

С тобында сынға түсіп жатқан ұлттық құрама екінші ойынын Катарға қарсы өткізді. Матч 22:15 есебімен катарлықтардың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойынын өткізген болатын. Ұлттық құрама Қытаймен кездесіп, 22:8 есебімен қарсыласына есе жіберді.

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы жағажай Азиадасын жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасы аралас эстафетада төртінші орын алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или