Қазақстандық баскетболшылар Азия ойындарының алғашқы матчында Филиппиннен ірі есеппен жеңілді
Жапонияның Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындары аясындағы әйелдер арасындағы баскетбол турнирінің топтық кезеңі Филиппин құрамасына қарсы матчпен басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы кездесу филиппиндік баскетболшылардың 86:58 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталды.
Леонид Тамбиевтің шәкірттері төрт кезеңнің үшеуінде қарсыласына есе жіберіп, матч бойы 58 ұпай ғана жинады. Қорытынды есеп – 58:86 (9:25, 23:24, 8:27, 18:10).
Қазақстан әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетеді. Келесі қарсыластары Жапония және Гонконг құрамалары болады. Бұл матчтар сәйкесінше 20 және 22 қыркүйекте өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындары-2026 додасындағы жолын мерзімінен бұрын аяқтаған болатын. Команда топтық кезеңде Қытай, Филиппин және Бахрейн құрамаларынан қатарынан үш ірі жеңіліс алып, турнирден шығып қалды.