Баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия жағажай ойындарының 1/8 финалына өтті
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасы 3х3 баскетболдан Қатар командасын 21:7 есебімен сенімді түрде жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін ойындардың жетінші жарыс күні өтуде. Байрақты бәсеке 30-шы сәуірде аяқталады. Қазақстан құрамасы сегіз спорт түрінен қатысуда, Ұлттық құрама сапында 70 спортшы бар.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Атап айтсақ, бір алтын, бір күміс және үш қола. Медальдық есепте Қазақстан 7-орында тұр.
Қазақстандық баскетболшылар жағажай Азиадасында Бахрейнге есе жіберді
Қазақстан баскетболдын жағажай Азиадасында алғашқы матчтарын өткізді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или