Қазақстандық баскетболшылар жағажай Азиадасында Бахрейнге есе жіберді
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында 3х3 баскетбол жарыстары жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңдегі үшінші ойынын өткізді.
Бұл жолы отандастарымыз Бахрейн құрамасына қарсы алаңға шықты. Кездесу 21:14 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Үндістанға (10:19) және Қатарға (15:22) жол берген еді.
Сондай-ақ, бүгін - 27 сәуірде, әйелдер құрамасы Қатарды 21:7 есебімен сенімді түрде жеңді. Осы жеңістің арқасында олар жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.
Сурет: Никита Басов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или