Леброн Джеймстің тарихи жейдесі аукционда 722 мың долларға сатылды

Леброн Джеймстің тарихи жейдесі аукционда 722 мың долларға сатылды

АҚШ құрамасы сапында алғаш рет өнер көрсеткен кезде Леброн Джеймс киген ойын жейдесі аукционда қомақты қаржыға сатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Goldin аукцион үйі ұйымдастырған саудада әйгілі баскетболшының жейдесі 722 240 долларға сатылды. Аукцион 2026 жылғы 8 қарашада аяқталды. Көрсетілген сомаға ұйымдастырушылардың комиссиялық төлемдері де кіреді.

Саудаға Джеймстің тегі жазылған, 9-нөмірлі ақ түсті жейде қойылды. Баскетболшы бұл форманы 2004 жылы Афина Олимпиадасына дайындық кезінде киген.

Аукцион ұйымдастырушыларының мәліметінше, Леброн 2004 жылғы 29 шілдеде Джэксонвилл қаласында Пуэрто-Рико құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесуде дәл осы жейдемен алаңға шыққан. Кейін Италия және Түркия құрамаларына қарсы матчтарда да осы форманы пайдаланған.

Жейденің түпнұсқа екені арнайы сараптамалар арқылы расталды. Мамандар оның ерекшеліктерін сол кездегі матчтарда түсірілген фотосуреттермен салыстырған. Тексеруге MeiGray, Resolution Photomatching және SIA Photo Match ұйымдары қатысқан.

Айта кетейік, АҚШ құрамасында алғаш рет ойнаған кезде Леброн Джеймс небәрі 19 жаста болған. Ол сол уақытта Ұлттық баскетбол қауымдастығындағы (НБА) алғашқы маусымын өткізіп, жылдың үздік жаңа ойыншысы атанған еді.

2004 жылғы Афина Олимпиадасы Джеймстің ересектер арасындағы алғашқы Олимпиадасы болды. Сол жарыста АҚШ құрамасы қола медаль жеңіп алды.

Кейін Леброн Джеймс 2008, 2012 және 2024 жылдары Олимпиада чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама