Жағажайдағы АО-2026: Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Таиландты жеңді

Жағажайдағы АО-2026: Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Таиландты жеңді

Бүгін, 25 сәуірде Санья қаласында (Қытай) өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындары аясында ерлер арасында су добы жарыстары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында Таиланд командасымен кездесті.

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша отандастарымыз жеңіске жетті. Кездесу 3:1 есебімен аяқталды (5:2, 1:2, 7:0, 5:3).

Айта кетейік, Саньяда су добы бәсекелері айналмалы жүйе бойынша өтуде. Ерлер арасындағы жарысқа алты құрама қатысып жатыр.

Қазақстан келесі матчын 26 сәуір күні Гонконгқа қарсы өткізеді. Ел намысын бұл додада Темірлан Балфанбаев, Сұлтан Шонжігітов, Мұрат Шәкенов, Эдуард Цой, Руслан Ахметов, Александр Еремин, Алдияр Әкімбай қорғауда.

Қазақстан әйелдер командасы күміс жүлдегер атанды

Қазақстан құрамасы аралас эстафетада төртінші орын алды

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или