Әлем кубогы: Фарух Тоқтасынов жарыс жолынан шығып қалды
Бразилияның Фос-де-Игуасу қаласында өтіп жатқан әлем кубогының ширек финалдық жекпе-жектері жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі, 70 келіде сынға түсіп жатқан Фарух Тоқтасынов 1/4 финалда Наби Исгандаровпен (Әзербайжан) жұдырықтасты.
Отандасымыз 3 раунд бойы батыл түрде шабуылдап, басымдықты қолға алуға тырысты. Қарсылас та Фарухтың қорғанысының ашық қалған сәтін пайдаланып, ұпай жинады. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Әзербайжан өкіліне берді.
Айта кетейік, Фарух Тоқтасынов 1/8 финалда осы салмақтың басты фавориті саналған, әлем чемпионы Севон Окадзаваны (Жапония) 3:2 есебімен жеңген еді.
Фарух Тоқтасынов әлем чемпионын тізе бүктірді
Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегінде төрелік еткен қазылар жазаланды