Фарух Тоқтасынов ширек финалға жолдама алды

Фарух Тоқтасынов ширек финалға жолдама алды

Фос-ду-Игуасу қаласында (Бразилия) бокстан Әлем кубогының кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Фарух Тоқтасынов жарыс жолындағы екінші кездесуін өткізді. 70 келіде ел намысын қорғаған отандасымыз 1/8 финалда осы салмақтың басты фавориті саналған, әлем чемпионы Севон Окадзаваны (Жапония) 3:2 есебімен жеңіп кетті.

Айта кетейіе, ол 1/16 финалында ирландиялық Джон Макконеллді де 3:2 есебімен жеңген болатын.

Осылайша, бүгінгі күннің күндізгі сессиясындағы қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері аяқталды. Алғаш болып шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай өкінішке қарай екінші айналымда жарыс жолынан шығып қалған еді. Енді кешкі сессияда төрт боксшымыз жарыс жолындағы жорығын жалғастыратын болады.

Назым Қызайбай ширек финалға шыға алмады

Әлем кубогы: Үшінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Қазақстандық екі боксшы алғашқы айналымнан аса алмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или