Назым Қызайбай жарыс жолынан шығып қалды
Фос-ду-Игуасу қаласында (Бразилия) бокстан Әлем кубогының кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үшінші жарыс күні Қазақстан атынан шаршы алаңға алғаш болып әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай шықты. 3 дүркін әлем чемпионы, 54 келі салмақтағы Назым Қызайбай 1/8 финалда Польша спортшысы Виктория бита Рогалинскимен жолықты.
Қос боксшы жекпе-жек бойы қашықтықта жұдырықтасып, бір-бірінің қимылын аңдумен болды. Теңдей өткен айқастың тағдыры шешуші үшінші раундта шешіліп, 4:1 есебімен Виктория бита Рогалински жеңіске жетті.
Айта кетейік, Назым Қызайбай аталмыш турнирде жаңа салмақта, яғни 54 келі салмақта сынға түскен болатын.
Әлем кубогы: Үшінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы
Қазақстандық екі боксшы алғашқы айналымнан аса алмады
Әлем кубогы: Назым Қызайбай алғашқы айналымнан сүрінбей өтті