Қазақстан VI Азия жағажай ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
Бүгін, 22 сәуір күні Қытайдың Санья қаласында біраз жыл үзілістен кейін қайта оралған VI Азия жағажай ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл көпсалалы дода соңғы рет Вьетнамның Дананг қаласында өткеннен кейін араға он жыл салып, Азия Олимпиадалық кеңесі күнтізбесіне қайта оралды. Қытай бұл ойындарды тарихында екінші рет қабылдап отыр: бұған дейін көпсалалы дода 2012 жылы Хайян қаласында өткен.
Салтанатты рәсімге Қазақстан құрамасы да қатысты. Командалар шеруінде еліміздің мемлекеттік туын Мұрат Шәкенов (су добы) пен Диана Ержанова (акватлон) ұстап шықты.
Сәуір айының аяғына дейін созылатын кешенді жарыста спорттың 15 түрінен жүлде сарапқа салынып жатыр. Қазақстан құрамасы оның 9 түрінен атлеттер қосты. Барлығы ел намысын 70 отандасымыз қорғайды.
Қазақстан құрамасынан жарысты алғаш болып су добының қыздары бастады. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша есеп 2:2 болып тең аяқталды. Матч тағдыры пенальти сериясында шешіліп, онда отандастарымыз басым түсті. Нәтижесінде Қазақстан 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын бастады
Жағажайдағы Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасының тізімі