Әлем кубогы: Қазақстандық екі боксшы алғашқы айналымнан өтті

Әлем кубогы: Қазақстандық екі боксшы алғашқы айналымнан өтті

Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әлем кубогының бірінші кезеңінің алғашқы күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы күні жарыс жолына шыққан бес боксшымыздың үшеуі келесі кезеңге жолдама алды. Атап айтар болсақ, күндізгі сессияда сынға түскен Назым Қызайбай (54 келі) еш қиындықсыз келесі кезеңге өтті. Ал Жансері Көшербаев (60 келі) пен Дәулет Төлемісов (90 келі) бірінші айналымда жарыс жолынан шығып қалған еді.

Кешкі сессияда шаршы алаңға Фарух Тоқтасынов (70 келі) пен Диас Молжігітов (80 келі) көтерілді. 70 келі салмақтағы қазақстандық боксшы әлем кубогының 1/16 финалында ирландиялық Джон Макконеллді 3:2 есебімен жеңді. Ал 80 келідегі Диас Молжігітов Кай Ториабені (Жапония) мерзімінен бұрын жеңді.

Қазақстандық екі боксшы алғашқы айналымнан аса алмады

Әлем кубогы: Назым Қызайбай алғашқы айналымнан сүрінбей өтті

Әлем кубогы: Қазақстан боксшыларының алғашқы қарсыластары анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или