Әлем кубогы: Қазақстан боксшыларының алғашқы қарсыластары анықталды

Әлем кубогы: Қазақстан боксшыларының алғашқы қарсыластары анықталды

Бокстан 20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында рекордтық 50 мемлекеттің қатысуымен әлем кубогының бірінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасынан аталмыш додаға 16 былғары қолғап шебері қатысады. Бүгін таңда байрақты бәсекенің жеребе тарту рәсімі өтті. Назарларыңызға отандастарымыздың алғашқы қарсыластарын ұсынамыз:

Ерлер

  • 50 келі. 13 қатысушы. 1/8 финал
    Даниал Сабит Иштван Шзака (Венгрия)
  • 55 келі. 27 боксшы. 1/16 финал
    Бағлан Кенжебек – Жирайр Саргсиян (Армения)
  • 60 келі. 27 боксшы. 1/16 финал
    Жансері Көшербаев – Джуд Галлахер (Ирландия)
  • 65 келі. 30 боксшы. 1/16 финал
    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Хассен Атиа (Тунис)
  • 70 келі. 29 боксшы. 1/16 финал
    Фарух Тоқтасынов – Джон МакКоннел (Ирландия)
  • 75 келі. 9 боксшы. 1/4 финал
    Санжарали Бегалиев – Саиджамшид Джафаров (Әзербайжан, әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері)
  • 80 келі. 23 боксшы. 1/16 финал
    Диас Молжігітов – Кай Ториабе (Жапония)
  • 85 келі. 7 боксшы. 1/4 финал
    Сұлтан Айбарұлы – Паоло Карусо (Италия)
  • 90 келі. 16 боксшы. 1/8 финал
    Дәулет Төлемісов – Фильо Исайас (Бразилия, Ливерпульдегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері).


Әйелдер

  • 51 келі. 23 қатысушы.
    Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Михаела Бадеску  Златислава Чуканова (Болгария) жұбының жеңімпазымен жолығады.
  • 54 келі. 20 қатысушы. /16 финал
    Назым Қызайбай – Айсен Таскин (Түркия)
  • 60 келі. 18 қатысушы. 1/8 финал
    Виктория Графеева – Емили Рзаева (Әзербайжан)
  • 65 келі. 22 қатысушы
    Аида Әбікеева 1/8 финалда Виктория Жилкова (Чехия)  Мезморизе Андерсон жұбының жеңімпазымен жолығады.
  • 70 келі. 17 қатысушы
    Наталья Богданова 1/8 финалда Бусеназ Сюрменели (Түркия, Токио Олимпидасының чемпионы)  Чиара Сарайелло (Италия) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.
  • 80 келі. 3 қатысушы. 1/2 финал
    Жібек Жарасқызы – Емилиа Котерска (Польша, U23 Еуропа чемпионы)
  • +80 келі. 2 қатысушы. Финал
    Валерия Аксенова – София Шира (Венгрия).


Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00 -де және кешкі сессия 01:00-де басталады.

Қазақстан құрамасының әлем кубогына толық құрамы жарияланды

Қазақстан Азия чемпионатының жалпы есебінде көш бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или