Азия чемпионаты: Қазақстан жалпы есепте көш бастады
World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен Моңғолия астанасы Ұланбатырда өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлттық құрама боксшылары сары құрлық додасында алты алтын, екі күміс, бес қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орынға жайғасты.
Алтын медаль еншілеген боксшылар:
- Надежда Рябец (80 келі)
- Дина Исламбекова (+80 келі)
- Оразбек Асылқұлов (60 келі)
- Сабыржан Аққалықов (75 келі)
- Нұрбек Оралбай (85 келі)
- Айбек Оралбай (+90 келі)
Күміс медаль еншілеген боксшылар:
- Бақыт Сейдіш (70 келі)
- Төрехан Сабырхан (70 келі)
Қола медаль еншілеген боксшылар:
- Айгерім Сәттібаева (48 келі)
- Валентина Хальзова (75 келі).
- Махмұд Сабырхан (55 келі)
- Ертуған Зейнулинов (65 келі)
- Сағындық Тоғамбай (90 келі).
Азия чемпионатының жалпы командалық есебі:
- Қазақстан – 6 алтын - 2 күміс - 5 қола
- Үндістан – 5-3-8
- Өзбекстан – 3-4-4.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или