UFC жұлдыздары қазақстандық ММА жанкүйерлерін ерекше атап өтті

UFC жұлдыздары қазақстандық ММА жанкүйерлерін ерекше атап өтті

UFC-дің бұрынғы чемпиондары Генри Сехудо мен Камару Усман қазақстандық ММА жанкүйерлеріне жоғары баға беріп, оларды әлемдегі ең белсенді әрі адал жанкүйерлердің қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Подкаст барысында спортшылар Қазақстандағы жанкүйерлердің ММА-ға деген ерекше ықыласын атап өтті. Сехудоның айтуынша, қазақстандық фанаттарды басқа елдермен салыстыру қиын, олар спортты эмоционалды түрде қолдайды.

Камару Усман да бұл пікірді қолдап, әлеужеліде қазақстандық жанкүйерлердің белсенділігі өте жоғары екенін айтты. 

Айта кетелік, сонымен қатар ол Шавкат Рахмоновқа қатысты кездесулер кезінде қазақстандықтардың үлкен қолдау көрсететінін ерекше атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или