OCTAGON 86 турнирінде Қазақстан мен Өзбекстан файтерлері кездеседі
Орталық Азия жекпе-жек лигасы ұйымдастыратын OCTAGON 86 турнирінде жеңіліп көрмеген қазақстандық жауынгер Ерғанат Сағатбек (5-0) октагонға шығады, деп хабарлайды Prosports.
Қазақстан жауынгері 1 мамыр күні Ташкентте өтетін турнирде «Танк» лақап атымен танымал өзбек жауынгері Мавлонбек Мирокомиловпен (8-4-1) кездеседі.
Турнирдің басты жекпе-жегінде Қазақстанның жеңіл салмақтағы чемпионы Саят Абдуали (9-0) белбеуін қорғайды. Оның қарсыласы – жеңіліс көрмеген өзбекстандық Асадбек Саидов (7-0).
Ко-мейн ивентте Камариддин Хасанов пен Одилхон Камолов үшінші рет кездеседі. Тәжікстандық файтер (8-4) Камиль Карате лақап атымен танымал, ал өзбекстандық спортшының рекорды – 10-5.
OCTAGON турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 86 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі