Арман Әшімов Bare Knuckle лигасында бақ сынамақ

Арман Әшімов Bare Knuckle лигасында бақ сынамақ

Қазақстандық файтер Арман Әшімов АҚШ-тағы Bare Knuckle жалаң қолмен төбелесу лигасында өнер көрсетіп, содан кейін ғана UFC-ге ауысуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Маусым немесе шілде айында Америкаға баруды жоспарлап отырмыз. Одан ары көре жатармыз. Бірден UFC-де жұдырықтасқым келмейді. Алдымен Конор Макгрегордың ұйымы — Bare Knuckle FC-де бағымды сынағым келеді. Неліктен ММА емес, жалаң қолмен төбелесу? Мен ММА бойынша да жекпе-жекке шығамын, бірақ жалаң қолмен төбелесу маған көбірек адреналин сыйлайды. UFC-ге өту үшін міндетті түрде Contender Series арқылы өту шарт емес. Ол жаққа тікелей келісімшартқа отыруға да болады. Менде бұл үшін төрт жылдық стратегия бар»,  деді ол Namys Fighting ютуб-арнасына берген сұхбатында.

Арман Әшімов екі жылдық үзілістен кейін өткен аптада Алматыда өткен IBA Nomad 14 турниріне қатысып, тәжікстандық Дилшод Норкузиевті бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Осы жеңісінен кейін қазақстандық жауынгер октагонға оралу себебі мен UFC-ге неліктен бара алмағанын айтты:

«Жекпе-жекті қоямын деп ойлағам. Қоя алмадым. Спорт есірткі сияқты екен. Екі жылдан аса шықпай, сағынып қалдым.

UFC-ге бара алмай қалған бірінші себебім – карантин. Екіншіден, виза бермей қойды. Қазір виза алдық», – деді Арман.

Айта кетейік, Әшімов 2024 жылдың наурызында Rizin FF лигасында өнер көрсетіп, жапониялық Юсаку Накамураға төрешілердің бірауызды шешімімен жол берген еді.

Арман Әшімов октагонға нокаутпен оралды

Жұмабеков турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или