Қазақстандық файтер сенімді жеңіспен камбэк жасады
Қазақстандық файтер Арман Әшімов ұзақ үзілістен кейін октагонға сәтті оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Алматыда өткен IBA Nomad 14 турнирінде өзбекстандық Дильшод Норкузиевпен кездесті. Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді.
Алайда айқас ұзаққа созылмай, бірінші раундта Әшімов қарсыласын нокаутпен жеңді. Осылайша ол ММА-ға сенімді түрде қайта оралғанын көрсетті.
Бұл жеңіс қазақстандық файтер үшін Nomad FC-дегі екінші табысы болды. Ал Норкузиев карьерасындағы екінші жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, Әшімов соңғы рет 2024 жылдың наурызында Rizin FF лигасында өнер көрсетіп, жапониялық Юсаку Накамураға төрешілердің бірауызды шешімімен жол берген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или