Нұрхан Жұмағазы Rizin-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Нұрхан Жұмағазы Rizin-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы Нұрхан Жұмағазы (10-1) Жапонияның Фукуока қаласында өткен Rizin Landmark 13 аралас жекпе-жек турнирінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұмағазы жапондық файтер Теня Йошимурамен (5-2) жұдырықтасты. Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Қорытындысында Нұрхан төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Жекпе-жектің үздік сәттері:

Нұрхан Жұмағазы кәсіби MMA мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді, ал Теня Йошимура үшінші жеңіліске ұшырады. Бұл Жұмағазының Rizin промоушеніндегі екінші жекпе-жегі болды.


UFC 327: Майамидегі турнирдің барлық нәтижесі

Топурия Махачевпен жекпе-жекке қызығушылық танытты

Хабибтің ағасы Царукянға тіл қатты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или