Billie Jean King Cup: Канада есепті теңестірді
Астанада Қазақстан мен Канада әйелдер құрамалары арасында Билли Джин Кинг-2026 кубогының іріктеу матчтары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кортқа бірінші болып шыққан ұлттық құрама көшбасшысы Юлия Путинцева (№74 WTA) Кайла Кроссты (№198) сенімді жеңіп, Қазақстанды алға шығарған болатын.
Ал екінші кездесуде ұлттық құрамаға енді ғана қосылған жас теннисші Сония Жиенбаева (№1023) тәжірибелі Бьянка Андреескуға (№130) жол берді. 1 сағат 48 минутқа созылған кездесуде канадалық теннисші 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Командалар турнирдің финалдық кезеңіне шығу үшін күресуде. Бес матчтың үшеуінде жеңіске жеткен команда келесі кезеңге өтеді. Қалған үш кездесу ертеңге жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или