Billie Jean King Cup: Қазақстан алға шықты

Billie Jean King Cup: Қазақстан алға шықты

Астанада Қазақстан мен Канада әйелдер құрамалары арасында Билли Джин Кинг-2026 кубогының іріктеу матчтары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кортқа бірінші болып Юлия Путинцева мен Кайла Кросс шықты. Қазақстандық теннисші екі сетте 6:3, 7:5 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізді. Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан 1:0 есебімен алда келеді. Екінші матчта Соня Жиенбаева мен US Open-2019 жеңімпазы Бианка Андрееску кездеседі.

Командалар турнирдің соңғы кезеңіне шығу үшін күресуде. Қорытынды жеңіс үшін бес матчтың үшеуінде жеңіске жету керек. Ойындар жабық корттарда өтеді.

Billie Jean King Cup: Қазақстан мен Канада құрамаларының баспасөз мәслихаты өтті

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылады

Путинцева АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или