Ангелика Кербер Australian Open жеңімпазы атанды

Ангелика Кербер Australian Open жеңімпазы атанды

28 жастағы германиялық теннисші Ангелика Кербер карьерасында алғаш рет Grand Slam жарысын ұтып алды.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, ол Аустралия ашық чемпионатының финалында әлемнің 1-ракетасы америкалық Серена Уильямсты жеңді - 6:4, 3:6, 6:4. Кербер ширек финалда беларусь Виктория Азаренконы, жартылай финалда британиялық Джоанна Контаны қапы қалдырған.

Серена Уильямс бұл жарысты 2015 жылы ұтқан және Аустралия ашық чемпионатының финалына жетінші рет шығып отыр.

Кербер Аустралия ашық чемпионаты алдында әлемдік рейтингте 7-орында тұрған. Бүгінгі жеңісінен кейін ол әлемдік рейтингте 2-орынға шығады деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или