Александр Бублик «Мастерс» турнирінің үшінші айналымына шықты

Александр Бублик «Мастерс» турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Мадридтегі (Испания) «Мастерс» турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші (75) Mutua Madrid Open ATP Masters 1000 1/32 финалында австралиялық Алексей Попыринді (26) 2:0 (6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 51 минутқа созылды.

Александр Бублик келесі айналымда А.Рублевпен (Ресей) - Г. Монфиспен (Франция) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 8 055 385 долларды құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или