Ханс-Дитер Флик «Барселонада» қалады

Ханс-Дитер Флик «Барселонада» қалады

Каталониялық «Барселона» клубының бас бапкері Ханс-Дитер Флик командада жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тараптар 2027 жылдың жазына дейін келісімшартты ұзарту жөнінде келісімге келді, деп жазды Marca басылымы. Жаңа келісім маусым соңында рәсімделеді деп жоспарлануда.

Неміс маманы 2024 жылдың мамыр айында сине-гранаталылардың тізгінін қолына алған болатын. Оның басшылығымен команда 2025 жылдың басында Испания Суперкубогын жеңіп алды және ұлттық біріншілікте жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Қазіргі таңда «Барселона» Ла Лигада 33 турдан кейін 76 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или