Қазақстандық танымал теннисші Алматыда турнирде сүрінді
Қазақстандық белгілі теннисші Тимофей Скатов Алматыда өтіп жатқан АТР 250 санатындағы турнирдің екінші кезеңіне шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші 1/16 финалда чехиялық Томаш Махачпен кездесті. Скатовтың екі сетте 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Ойын барысында Тимофей Скатов үш мүмкіндіктен бір брейк-пойнтты жүзеге асырды, екі қос қателік жіберді және үш рет эйс жасады.
Еске салайық, бұған дейін Скатов Александр Шевченкомен жұптасып, АТР 250 Almaty Open турнирінің жұптық сынын сәтті бастаған. Бірінші кезеңде қазақстандық жұп америкалық Эван Кинг/Риз Штальдер дуэтін 6:1, 7:6 (7:5) есебімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или