Қазақстанның екінші ракеткасы Шанхайдағы турнирдің 1/8 финалына өте алмады

Қазақстанның екінші ракеткасы Шанхайдағы турнирдің 1/8 финалына өте алмады

Қазақстандық теннисші, әлемнің 56-ракеткасы Александр Шевченко Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан Masters турнирінің 1/8 финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымда ол әлемнің 66-ракеткасы чехиялық Якуб Меншиктен 1:6, 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 59 минутқа созылды.

Меншиктің Шанхайдағы жарыстың 1/8 финалындағы қарсыласы әлемнің 10-ракеткасы болгариялық Григор Димитров пен австралиялық Алекс Попырин (АТР рейтингінде 24-орын) арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или