Жібек Құламбаева Бразилиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Сан-Паулу (Бразилия) ITF W75 турнирінің чемпионы атанды.
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші мен италиялық Николь Фосса Уерго дода барысында барлығы төрт кездесу өткізіп, жеңіске жетті.
Финалда қазақстандық-италиялық жұп турнирдің 1-ракеткалары, грекиялық Элени Христофи – италиялық Аврора Зантедешимен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда Христофи – Зантедеши 6:3 есебімен басым түскенімен, Құламбаева – Уерго камбэк жасай алды – 6:2, 10:4. Финалдық бәсеке бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылды.
Осыған дейін Жібек пен Николь Аргентинада ITF жарысында екі рет финалға шықса, соның біреуінде жеңіп, екіншісінде ұтылған еді.
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или