Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Бангалор (Үндістан) ITF W25 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен үндістандық Рутужа Босейл бастапқы кездесуін жергілікті теннисшілер Аканкша Ниттур – Нидитра Раджмоханмен өткізді.
Қазақстандық-үндістандық жұп қарсыластарын 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.
Ж.Құламбаева – Р.Босейл жартылай финалға шығу үшін тағы да үндістандық дуэтпен таласады.
Жібек Құламбаева аталмыш турнирде жекелей сында да өнер көрсетеді.