русский язык
Теннис

Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде неге ойнамады

Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде неге ойнамады
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде өнер көрсеткен ел құрамасының ойынын қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Диас Досқараевтың сөзінше, Қазақстан теннис құрамасының жақсы ойыншылардан құралғанынан бастады.

Ол сөз арасында Қазақстан құрамасына сәттілік жетіспегенін, жарақатына байланысты бұл сында Елена Рыбакина ойнай алмағанын айтты.

"Елена Рыбакинаның "Ролан Гаррос" турнирінен бастап жарақатпен алысқанын көрдік. Соның салдарынан Уимблдонда былтырғы атағын қорғай алмады. АҚШ-тағы жарыстар ойдағыдай нәтиже әкелмеді. Соған қарамастан, біз оның дайындығы үшін барлық жағдайды жасадық. Өкінішке қарай, корттың сапасы нашар болғандықтан, Мексиканың Канкун қаласында өткен WTA қорытынды турнирінде арқасынан жарақат алды. Лена Севильяға үлкен үмітпен келді. Дайындалды, бірақ оны ойынға қосу үшін 100 пайыз әзір болуы қажет еді. Әлемдік рейтингіде қанша жоғары тұрсаң да, толық дайын болмасаң, ойнай алмайсың. Командалар құрамына қарасақ, Ига Швентек, Джессика Пегула, Кори Гауфф, Каролина Мухова сияқты маңдайалды теннисшілер келген жоқ. Ал Рыбакина бізбен бірге болып қана қоймай, қосалқы құрамда кортқа шыққан теннисшілерімізді қолдап отырды". Диас Досқараев
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;