29 жастағы бапкер қазақстандық клуб тізгінін ұстады

Александр Поляков «Ақтөбенің» бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол бүгін, 1 қарашада өз қызметін бастады.
Бұған дейін 29 жастағы маман аттас жастар құрамасын баптаған. Ойыншы ретінде «Арыстан», «Горняк» және «Казцинк-Торпедо-2» командаларында өнер көрсетті.