Уимблдон: Рыбакинаның WTA рейтингіндегі басты бәсекелесі 1/4 финалда жеңілді

Әлемнің төртінші ракеткасы Джессика Пегулла күтпеген жерден Уимблдон турнирынан ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол ширек финалда чехиялық Маркета Вондроушоваға есе жіберді – 6:4, 2:6, 6:4.
Айта кетейік, Пегула WTA рейтингінде төртінші орында тұр. Ол тізімде үшінші орында тұрған қазақстандық Елена Рыбакинаның басты бәсекелесі саналады.