Джерард Сауд Арабиялық клубтың бас бапкері атанды

Бұрынғы ағылшын футболшысы Стивен Джерард "Әл-Иттифак" клубының бас бапкері атанды.
Әзірге Джеррардпен келісімшарт негіздері айтылған жоқ. Стивен Джеррард 43 жаста. Ол соңғы рет "Астон Вилла" клубында қызмет етіп, 2022 жылдың қазанында қызметтен кетті. Сондай-ақ ол "Ливерпуль" мен шотландиялық "Рейнджерстің" жастар командасы жұмыс істеді.
Ал ойыншы ретінде Джеррард 1998-2015 жылдар аралығында "Ливерпуль" намысын қорғады. Ол 2005 жылы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған.