«Ролан Гаррос»: Скатов іріктеу кезеңінің финалында кіммен кездеседі

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР рейтингінде 147-орын) Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирі іріктеу кезеңінің финалында кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз негізгі кезеңге жолдама алу үшін бразилиялық Фелипе Алвеспен (165) шеберлік сынасады. Кездесу 26 мамыр күні Астана уақытымен сағат 15:00-де өтеді.
Айта кетейік, өткен айналымда Скатов фин спортшысы Отто Виртаненді (119) 4:6, 6:2, 7:5 есебімен жеңген болатын.