Рыбакина WTA рейтингінде мансабындағы ең жоғары сатыға көтеріледі

Рыбакина WTA рейтингінде мансабындағы ең жоғары сатыға көтеріледі

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шыққандықтан, WTA рейтингінде мансабындағы ең жоғары сатыға көтеріледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>Live-tennis.eu</span> порталының есебі бойынша, жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы Ига Свентекті жеңген Рыбакина 3370 ұпай жинап, рейтингте швейцариялық Белинда Бенчич пен грекиялық Мария Саккариді ығыстырып, сегізінші орынға көтеріледі.

Рыбакина финалда беларусьтік Арина Соболенконы жеңсе, әлемдік рейтингтегі орны бұдан да жоғары болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или