Қазақстанның бірінші ракеткасы Индиан-Уэллстегі турнирдің 1/8 финалына шықты

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы турнирдің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үшінші айналымда Уимблдонның қазіргі чемпионы испаниялық Паула Бадосамен кездесіп, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Матч 1 сағат 36 минутқа созылды.
1/8 финалда Елена Дарья Касаткина (Ресей) - Варвара Грачева (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Фото: olympic.kz