Евсеев Мексикадағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Хосе Рубин Стэтхэммен (Жаңа Зеландия) бірге Монтеррейде (Мексика) өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында екінші айналымға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы айналымда Евсеев пен Стэтхэм Агилера Герреро/Ван Дейнс жұбын жеңді. Есеп - 7:5, 6:0.
Айта кетейік, кездесу небәрі 48 минутқа созылды.