Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Монпелье қаласында (Франция) өтіп жатқан ATP жекелей турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бублик француз Грегуар Баррерді 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Келесі раундта Бублик Г.Димитров - Г.Брувер жұбының жеңімпазымен ойнайды.